Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
БАҚ-тан активтерді сату бойынша дұрыс ақпарат орналастыруды сұраймыз

Жаңалықтар басылымдарының бірінде «ҚИ 811 Автожөндеу зауыты» АҚ (Ерейментау қ.) қатысты қате ақпарат орналастырылған. Мақаланың тақырыбында зауыттың 5 млрд.теңге қарызы бар екендігі айтылған.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ресми түрде бұл ақпарат дұрыс емес екенін хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, зауыт Үкіметтің қаулысына сәйкес жекешелендіруде, толығырақ сілтемелер бойынша:

Бухгалтерлік баланста кәсіпорын міндеттемелерінің сомасы (орындау сатысындағы шарттар шамамен 5 млрд. теңге сомасына) көрсетіледі, оларды орындағаннан кейін айтарлықтай бөлігі кіріс бабына өтеді.

«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобы деректерді кез келген манипуляциялауға, статистиканы бұрмалауға және жұртшылықтың жалған ақпаратына қарсы бағытталған саясатты ұстанады.

БАҚ өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушылардың қоғамдық топтарын және блогерлерді жариялау алдында кез келген ақпаратты тексеруге, барлық тараптардың ұстанымын нақтылауға шақырамыз.

Барлық туындаған мәселелер бойынша «Қазақстан инжиниринг» ke@ke.kz электрондық пошта арқылы немесе тікелей басқарма төрағасына t.abdrakhmanov@ke.kz хабарласуыңызды сұраймыз.

Компания кез келген мәселелерді түсіндіру үшін әрқашан ашық.

Кері қайту