Қайық жоғары жылдамдық пен маневрлік сипаттамаларға ие. Бұл ҚР ҰҚК Шекара қызметіне республиканың теңіз шекарасын бұзушылармен және Каспий теңізінің қазақстандық секторында заңсыз балық аулаумен айналысатын браконьерлермен – жүрдек қайықтармен тиімді күресуге мүмкіндік береді. Салтанатты шараға Батыс Қазақстан облысының әкімі А.С.Көлгінов, Облыстық жағалау күзеті басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, «Зенит» зауытының ұжымы және қайық экипажы қатысты. Қайық Тапсырыс берушіге берілді және Каспий теңізінде қызмет етуде.
2017 жылдың шілде айында зауыт №5 сериялы 27 тоннаға дейінгі «ФК-19» жобасының жүрдек қайығын суға түсірді.