Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасындағы өзгерістер

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Комплаенс-қызметі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына енгізілген жаңалықтар туралы хабарлайды.

Енгізілген түзетулер мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін теріс фактор ретінде сыбайлас жемқорлықты төмендетуді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруды және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті құруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Негізгі өзгерістер:

  • Мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және оларға теңестірілген адамдардың негізсіз байытуын бақылаудың алдын алу шаралары арқылы сыбайлас жемқорлық көріністерін барынша азайту;
  • Мемлекеттік қызметшілер үшін кірістер мен шығыстар арасындағы декларациялардағы алшақтық үшін жауапкершілік;
  • Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлайтын адамдарды, оның ішінде, олардың еңбек құқықтарына нұқсан келтіруден және ұсынылған ақпараттың құпиялылығынан кепілдіктер арқылы тиісті қорғауды қамтамасыз ету;
  • 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін ұйымның ресми интернет-ресурсында квазимемлекеттік сектор субъектілерінде басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғалардың декларацияларында көрсетілген мәліметтерді жариялау жөніндегі нормалар тоқтатыла тұрады;
  • Квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызмет функцияларын орындайтын жауапты тұлғаны анықтау мүмкіндігі пайда болады;
  • ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (бұдан әрі-Агенттік) квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік Ережені әзірледі және бекітті (31.03.2023 жылғы Агенттік төрағасының № 112 бұйрығы);
  • Агенттіктің квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтердің қызметін үйлестіруі тек әдіснамалық қолдау, оқыту іс-шараларын жүргізу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпарат алмасу шеңберінде белгіленді.

Компанияның комплаенс-қызметі және ЕжТҰ-ның лауазымды тұлғалары мен қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтар, этикалық емес, мінез-құлық көріністері туралы compliance.officer@ke.kz электрондық поштаға хабарламаларды және тел.: 8 (7172) 72-52-52, ішкі 1110 қабылдау бойынша жедел желі жүргізіп жатқанын естеріңізге саламыз.

Кері қайту