Бішкекте Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі мен қазақстандық Eurocopter Kazakhstan Engineering ЖШС арасында Нұр-Сұлтан қаласындағы зауытта шығарылған Airbus Helicopters H125 тікұшағын жеткізу туралы келісімге қол қою рәсімі өтті.
Қырғызстанға жеткізу 2022 жылдың жазына жоспарланған. Тікұшақтың бұл модификациясы әртүрлі іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуге, су және табиғи ресурстарды, еліміздің өрт қауіпті аймақтарын бақылауға, сондай-ақ берілген тапсырмалар бойынша әуе жұмыстарын жүргізуге арналған барлық қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталады.
Салтанатты шараға Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрі Әжікеев Б.Е., Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Жошыбаев Р.С., Франция мен Германияның Қырғызстандағы елшілері, сондай-ақ біздің басшылар қатысты.
Қырғыз Республикасының Төтенше жағдайлар министрі осы келісімді жасаудың маңыздылығын атап өтіп, компания басшылығына жүргізілген дайындық жұмыстары үшін алғысын білдірді және екі ел арасындағы экономикалық байланысты одан әрі арттыру қажеттігін атап өтті.
Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Елшісі жоғары деңгейдегі келісімдердің арқасында мүмкін болған екі ел өкілдері мен қазақстандық-еуропалық компанияның жемісті жұмысының нәтижесіне қанағаттанғанын білдірді.
Салтанатты шараға қатысқан Airbus компаниясының негізгі өндірістік нысандары орналасқан Франция мен Германияның елшілері сатып алынған тікұшақтың жоғары сапалы өнімділігін атап өтіп, бүкіл Орталық Азия аймағында осы саладағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларына үміт білдірді. .
Өз кезегінде біздің компания халықаралық серіктестерден жаңа тапсырыстар түскен сайын шығарылатын тікұшақтар желісін кеңейтуге дайын екенін білдіреді.
Қырғызстанда Қазақстанда шығарылатын H125 «Airbus helicopters» тікұшағын жеткізу туралы келісімге қол қойылды.