Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
ЖШС "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" 145 жаңа 5 қалақты тікұшағын тапсырды

Азаматтық өндірісті дамыту шеңберінде "Қазақстан Инжиниринг "ҰК" АҚ кәсіпорнында "Еврокоптер Қазақстан инжиниринг" ЖШС зауытында H 145 типті тікұшақ жиналып, Тапсырыс берушіге ұсынылды.

Сәуір айында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің әуе паркі жаңа H145 Airbus Helicopters тікұшағымен толықтырылды.

Жаңа тікұшақты тиімді басқару үшін "Қазавиаспас" АҚ Төтенше жағдайлар министрлігінің Авиациялық бөлімшесінің ұшу және техникалық құрамы Германияның Донауверт қаласында теориялық және практикалық қайта оқытудан өтті.

H145 тікұшағын іздестіру-құтқару жұмыстарына, халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шаралар жүргізуге, орман қорын күзету және қорғау жөніндегі авиациялық жұмыстарға тарту жоспарлануда.

Кері қайту