Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Nauryz Run Kazаkhstan Engineering 2022

Мемлекет басшысы Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамытудың маңыздылығын атап өтті. «Денсаулық кепілі – дене тәрбиесі. Бұқаралық спортпен, балалар спортымен айналысу үшін барлық жағдайды жасау қажет екенін тағы да айтамын», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұжымда салауатты атмосфераны қалыптастыру және салауатты қоғамды құру «811 КИ автомобиль жөндеу зауыты» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) кадрлық және әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтары болып табылады. Компания басшылығы бұқаралық спортты насихаттауды, сондай-ақ корпоративтік рух пен корпоративтік құндылықтарды нығайтуға бағытталған бастамаларды қолдайды.

Осыған орай, 2022 жылдың 19 наурызында Наурыз мейрамын тойлауға орайластырылған жаппай флешмоб – компания қызметкерлері үшін 3 шақырымдық жүгіріс өтті. Наурыз ежелден халықтық мерекелерге, ойын-сауық пен спорттық жарыстарға толы бұқаралық мереке болып саналған.

Кері қайту