«Қазақстандық авиациялық индустрия» ЖШС мемлекеттік қорғаныс тапсырысын орындау аясында ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығару туралы және техникалық қызмет көрсету жөнінде «Elbit Systems Ltd.» (Израиль) компаниясымен келісім-шарт жасасты.
Сондай-ақ, ҚР аумағында «Elbit Systems Ltd.» компаниясының тауарлық белгісін пайдалануға айрықша құқық беретін лицензиялық келісімге қол қойды.
Қазақстандағы осы ұшу аппараттарын ықтимал пайдаланушылар арсында жүргізілген сұрау (ҚР ҚМ,ҰҚК Шекара қызметі,ҚР АШМ, ҚР ІІМ және мұнай-газ саласының компаниялары т.б.) отандық өндіріс пен жергілікті техникалық қызмет көрсету болғанда ғана аталған өнімге деген сұраныстың артатынын көрсетті.
Халықаралық талдау да ұшу аппараттар нарығының жыл сайын ұдайы кеңейіп келе жатқанын байқатып отыр.
Осы жылдың соңына дейін ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарын шығаруға арналған құрал-жабдықтар, желілер мен агрегаттардың алғашқы жеткізілімі келіп жетпекші.