2017 жылдың 13 қыркүйекте Астана уақыты бойынша сағат 03:17-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз-ФГ» зымыран тасығышпен «Союз МС-06» транспорттық басқарылатын кемесін ұшыру жоспарланып отыр.
Ұшырым «Байқоңыр» ғарыш айлағының «Гагарин стартынан» (№ 1 алаңы) жүзеге асырылатын болады.
Ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш стансасына (ХҒС) кезекті ұзақ мерзімді экспедиция үшін жаңа экипажын (МКС-53/54) жеткізу тиіс.
Экипаждың негізгі құрамына Роскосмостың ғарышкері Александр Мисуркин (ТБК командирі), «NASA» астронавттары Марк Ванде Хай (бортинженер) мен Джозеф Акаба (бортинженер) кіреді.
«Союз МС-06» ТБК-нің ұшырымы ХҒС-тың ұшу бағдарламасына сәйкес жоспарланған. Ұшудың жоспарланып отырған ұзақтығы 167 тәулікті құрайды.
Экспедицияның мақсаттарына ресейлік пен американдық жүк кемелермен жұмыс істеу, кемеден тыс қызметі бойынша жұмыс атқару (ашық ғарышқа шығу), стансаның жұмыс қабілеттілігін сақтау, фото- және бейне түсірілімдерді жүргізу, сондай-ақ ғылыми-қолданбалы зерттеулерді (барлығы 56 ғылыми тәжірибе) орындау кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, Ғарыш аппараттарын ұшырудың бекітілген жоспарына сәйкес ү.ж. қыркүйекте «Байқоңыр» ғарыш айлағынан 3 ұшырым ұйымдастырылатын болады: 2 «Протон» және 1 «Союз» (ү.ж. 12 қыркүйекте – «Амазонас-5» ҒА бар «Протон-М» ЗТ, ү.ж. 13 қыркүйекте – «Союз МС-06» ТБК бар «Союз-ФГ» ЗТ, ү.ж. 28 қыркүйекте – «Протон-М» ЗТ көмегімен «АзиаСат-9» қытайлық байланыс серігінің ұшырылуы).