«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Компания) «ҚИ 811 автожөндеу зауыты» АҚ 100 % (жүз пайыз) жай акцияларын сату бойынша 2022 жылы «11» тамызда (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша) сағат 11:00-де www.gosreestr.kz Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында басталатын электрондық конкурс өткізетіндігі туралы хабарлайды.
Сату Компанияның Директорлар кеңесінің 2018 жылғы 15 қазандағы (№6 хаттама) шешімімен бекітілген «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ активтерін сату, қайта құрылымдау Ережесіне (бұдан әрі – Ереже) және «Ақпараттық-тіркеу орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен бекітілген (2014 жылғы 23 мамырдағы № 66 хаттама) Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мүлікті сату бойынша электронды сауда-саттықты жүргізу регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес жүзеге асырылатын болады.