7 маусымда «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ-мен «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС зауытында «Dala Air» ЖШС тапсырыс берушісіне жаңа Н125 тікұшағы берілді.
Airbus Н125 моделі тапсырыс берушінің авиациялық қызметтерін дамытудың стратегиялық жоспарының бөлігі болып табылады. Осы типтегі тікұшақтарды іздестіру-құтқару жұмыстарында, медициналық көмек көрсету мен санитарлық іс-шаралар жүргізуде, орман қорына бақылау жасап, қорғау шараларына пайдалану жоспарланып отыр.
Тікұшақ өндірісінің жолға қойылуы отандық авиациялық өнеркәсіптің өркендеуіне тың серпін беруге тиіс.
«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» – ТМД кеңістігінде Airbus тікұшақтарын құрастырып, техникалық қызмет көрсететін жалғыз кәсіпорын саналады. Ол «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Airbus Helicopters компаниясының бірлескен жобасы екенін айта кетейік.