Өндірістік процестерді цифрландыру шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Siemens Digital Industries Software өкілдерімен кездесу өткізді.
Тараптар цифрлық трансформация шешімдерін ұсынды, сондай-ақ бірлескен пилоттық жобаны іске асыру мүмкіндіктері талқыланды.
Өндірісті цифрландыру бірнеше негіздерді біріктіреді: бірыңғай ақпараттық кеңістік, өнеркәсіпке цифрлық ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және бизнес-процестерді автоматтандыру.
Бұл өндірістік және технологиялық процестердің тиімділігіне оң әсер ететін, шығындарды азайтуға, пайданың өсуіне, еңбек өнімділігінің артуына және, ең бастысы, еңбек жағдайларын жақсартуға мүмкіндік беретін басқару стратегияларын кешенді және оңтайлы іске асыру.