Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Paris Air Show қатысу

Ле Бурже халықаралық авиасалонында өткізіліп жатқан Paris Air Show аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахманов Airbus, Thales, Safran SA және т.б. қоса алғанда - жетекші компаниялармен бірқатар екіжақты кездесулер жүргізді.

Кездесулер барысында озық технологиялар, білікті қазақстандық кадрлар мен құзыреттерді дамытуға қатысты мәселелер көтерілді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ әскери және азаматтық мақсаттағы ұшақтар мен тікұшақтарға сервистік қызмет көрсету, жөндеу, жаңғырту, сондай-ақ жергілікті мамандар біліктілігін арттыру салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылады.

1908 жылдан бері өткізіліп келе жатқан Paris Air Show әлемдегі ең беделді әуе шоуларының бірі болып табылады және екі жылда бір рет өткізіледі. Мұнда жетекші халықаралық компаниялар авиация саласындағы инновацияларын ұсынса, сарапшылар өз тәжірибелерімен және соңғы жетістіктерімен бөлісіп жатады. Бұл іс-шара - білім алмасу мен стратегиялық серіктестіктер орнату үшін таптырмас алаң болып табылады.

Кері қайту