«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ мен Қытай Халық Республикасының өкілдері арасындағы өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайту мақсатында компания қызметкерлері ШЫҰ елдері үшін Көпфункционалды сауда-экономикалық алаңға (КСЭА) барды.
Тараптар ынтымақтастықты нығайту, Қазақстанда инновациялық технологияларды дамыту, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру жолдарын талқылады.
Екі елдің ынтымақтастығы сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдету, Қазақстанның қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілету және Қазақстан Республикасында да, Қытайда да бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жақсы бастама бола алады.