«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Сербиямен өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ұмтылады.
Өзара екіжақты қарым-қатынас шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері «Steel manufacturing» ЖШС өкілдерімен бірлесе отырып, серб зауыттарының өндірістік процестерімен танысты, әрі Қазақстанда технологияларды дамыту, жергілікті кадрлардың біліктілігін арттыру, сауда және инвестициялар саласындағы екі мемлекет арасындағы іскерлік байланыстарды дамыту және нығайту мәселелері бойынша бірқатар кездесулер өткізді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Сербияны маңызды стратегиялық серіктес ретінде қарастырғандықтан, олармен ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен достық қатынастарды кеңейтуге бағыт алады.