Екіжақты қатынастарды нығайту мақсатында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ делегациясы Түркияға барып, бірқатар кездесулер өткізу арқылы түрік компанияларының өндірістік процестерімен танысты.
Кездесу барысында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ делегациясы мен түрік өкілдері ағымдағы және перспективалы жобалар бойынша тиімді ынтымақтастықты дамытуды, сондай-ақ Қазақстандағы инновациялық технологиялар саласындағы прогресс және мамандардың кәсіби дағдыларын арттыру мүмкіндіктері мен ұсыныстарын талқылады.
Түркия Республикасы - «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың маңызды стратегиялық серіктестерінің бірі болып табылады. Тараптар ұзақ мерзімді ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты кеңейтуге ниетті