Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қырғызстан елшісімен кездесу

23 маусымда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Қырғыз Республикасының елшісі Дастан Дүшекеевпен кездесу өтті.

Келіссөздер барысында екіжақты қатынастар шеңберінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту, «Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС тікұшақтарын жеткізуді іске асыру мәселелері талқыланды.

2022 жылы Қырғызстан ТЖМ-ның қажеттіліктеріне орай 2 тікұшақты сатып алу туралы келісім жасалғанын атап өту қажет. Ағымдағы жылы да «Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобының өнімдерін жеткізу жоспарланып жатыр.

Өз кезегінде Компания халықаралық әріптестермен белсенді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді: өйткені бұл, бірінші кезекте, бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және Қазақстанның қолайлы инвестициялық беделін ілгерілетуге ықпал етеді.

Кері қайту