Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Bharat Forge өкілдерімен кездесу

4 шілдеде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да үндістанның Bharat Forge трансұлттық компаниясының делегациясымен кездесу өтті.

Кездесу аясында әскери-техникалық ынтымақтастық шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының мүмкіндіктері туралы презентация өткізілді. Тараптар қазақстандық өндіріске, жергілікті кадрлар мен ғылымды дамытуға одан әрі инвестициялау үшін перспективалық жобалар мен мүмкіндіктерді қарады.

Компания халықаралық серіктестермен белсенді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді. Шетелдік өкілдермен өзара іс-қимыл бизнестің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және Қазақстанның қолайлы инвестициялық имиджін ілгерілетуге ықпал етеді.

Кері қайту