5 шілдеде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Әбдірахманов Теміржан Қазақстанның Чехиядағы елшісі Дүйсенбаев Бақытпен кездесті.
Кездесу барысында omnipol компаниясы шығарған ұшақтарға сервистік қызмет көрсетуге, сондай-ақ клиенттердің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін «Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобының кәсіпорындарында primoco UAV One 150 ұшқышсыз ұшу аппараттарын өндіруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты жобалар талқыланды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Чех серіктестерімен белсенді және өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екендігін білдіреді. Тараптар ынтымақтастықты нығайту және ортақ мақсаттарға қол жеткізу мақсатында авиациялық технологиялар саласындағы белсенді өзара іс-қимылды және тәжірибе алмасуды жалғастыруға ниет білдірді.