Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Қытай өкілдерімен кездесулер өткізілді

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаевтың Бейжің қаласына жұмыс сапары аясында қытайлық компаниялармен өзара тиімді ынтымақтастық пен машина жасауды дамытуға қатысты бірқатар кездесулер өткізілді.

Осыған байланысты «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ басшылығы Қытайдың азаматтық және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы қызметін жүзеге асыратын бірқатар ірі машина жасау ұйымдарымен кездесті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.

Екі тарап ұйымдар қызметінің негізгі салаларында сараптаманың айтарлықтай өскенін атап өтті. «Қазақстан Инжиниринг» ҰК» АҚ бірқатар компаниялармен бірлескен мақсаттар қоя отырып, кооперация, тәжірибе алмасу және әзірлемелер туралы уағдаластыққа қол жеткізді. Қытай тарапы кейбір технологияларды беруге және заманауи өндірістерді құру мүмкіндігін қарастыруға жәрдемдесуге дайын екендігін білдірді.

Кері қайту