ИННОПРОМ-білім алмасу және стратегиялық серіктестіктер орнату үшін таптырмас алаң болып табылатын халықаралық көрме.
2023 жылдың басты тақырыбы: «Тұрақты өндіріс: Жаңарту стратегиялары». Көрме аясында цифрлық өндіріс, металл өңдеу, көлік машина жасау, энергетика және басқа да салаларға қатысты өзекті мәселелер талқыланды.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ компаниялар тобына кіретін кәсіпорындар өздерінің азаматтық өндіріс өнімдерін ұсынды. Ұсынылған даналардың ішінде: телебасқарылатын суасты аппараты, IP-телефония, байланыс құралдары, желдеткіш аппараты және орталықтандырғыш втулкалар, сым-аспалы үлгідегі сүзгі.
ИННОПРОМ көрмесіне қатысу «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың инжиниринг және өндіріс саласындағы ілгерішілдігі мен инновациялылығын растайды. Компания тұрақты дамуға, ресурстарды тиімді пайдалануға және тұтынушыларға жоғары сапалы және озық шешімдерді ұсынуға ұмтылады.
ИННОПРОМ бизнес тәсілдерді қайта форматтауға, өндіріс құрылымын және бизнес өкілдерімен серіктестікті жаңартып қана қоймай, сонымен қатар нарықтардағы жұмыстың негізгі принциптерін қайта қарастыруға мүмкіндік береді.