Екатеринбург қаласында өткізілген ИННОПРОМ халықаралық өнеркәсіптік көрмесі аясында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ делегациясы «КОНАР» АҚ Бас директоры Валерий Бондаренкомен келіссөздер жүргізді.
Кездесу аясында тараптар азаматтық өндірістер, атап айтқанда теміржол және мұнай-газ машина жасау саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективалары мен мүмкіндіктерін талқылады.
Келіссөздер нәтижесінде мұнай-газ саласындағы бірлескен жобалар туралы уағдаластықтар белгіленді.
«КОНАР» АҚ 1991 жылы құрылған және бүгінгі күні Мұнай-газ машина жасау, күрделі металл конструкцияларын өндіру, кеме жасау, кешенді инжиниринг саласында кең құзыреті бар өнеркәсіптік холдинг болып табылады.