13 шілдеде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та француздық SAFRAN Group компаниясының өкілдерімен өзара тиімді ынтымақтастық мәселелері бойынша кездесу өткізілді.
Келіссөздер шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» компаниялар Тобының кәсіпорындарында жаңа перспективалы жобаларды іске асыру мүмкіндіктері талқыланды. Сондай-ақ, тараптар екіжақты кооперацияны одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстар енгізді.
SAFRAN Group- оптоэлектроника, авионика, электроника, телекоммуникация және бағдарламалық қамтамасыз ету саласындағы шешімдер мен қызметтерге маманданған, халықаралық жоғары технологиялар корпорациясы.