Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Комплаенс қызметінің халықаралық тәжірибесі

Комплаенс – бұл компания қызметінің заңға және этикалық нормаларға сәйкес сақталуын реттеу. Компанияның комплаенс қызметі компанияның, инвесторлардың, клиенттердің және қызметкерлердің мүдделерін қорғауда, заңдардың, ережелер мен стандарттардың сақталуын қамтамасыз етуде басты рөл атқарады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды сақтау, өз кезегінде, сыбайлас жемқорлықпен күресте маңызды функция болып табылады.

Егер Қазақстанда бұл сала енді ғана белсенді түрде дамып, заңнамада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамада көрініс таба бастаса, шетелде халықаралық талаптарға сәйкестігін бағалайтын тұрақты тәжірибе қалыптасқан.

Мысалы, Германиядағы комплаенс қызметі заңды және этикалық ережелерді сақтауды қамтамасыз етуге бағытталған кәсіпорында жүзеге асырылатын құрылымдар мен шаралар кешенімен сипатталады.

Комплаенс-қызмет саясатының мақсаты заңды және беделді тәуекелдердің алдын алу болып табылады. Кәсіпорынның пайдасын арттыру үшін, басқарушы персоналға күн сайын күшейіп келе жатқан қысым жағдайында басқарушы персонал тәуекелге бару және осылайша пайда нормасын арттыру қажеттілігіне тап болады. Осының негізінде директорлар, компанияның басқару және бақылау органдарының қызметкерлері үшін жеке жауапкершілікті барынша азайту маңызды рөл атқарады.

Америкадағы комплаенс – ең алдымен тәуекелдерді азайтуға және мемлекеттік органдардың, инвесторлардың, серіктестер мен тұтынушылардың сенімін сақтауға бағытталған қуатты механизм.

Тәуекелдің алдын алудың негізгі мақсаттары:

  • кәсіпорында сыбайлас жемқорлық-қауіпті қызмет салаларын анықтаудың, сондай-ақ талдаудың тиімді құралдарын қалыптастыру;
  • сыбайлас жемқорлық қатынастары туындаған жағдайда, құқықтық және қаржылық тәуекелдерді бағалау, талдау және басқару;
  • компанияны құқықтық, салықтық және экономикалық қауіптерден, сондай-ақ, санкциялар қаупінен, беделіне нұқсан келтіруден және т.б. жан-жақты қорғауды құру.

Бүгінгі күні сәйкестікті бақылау жүйелерін енгізу тәжірибесі біртіндеп дамып келеді. KPMG жүргізген зерттеулердің нәтижелері комплаенс-функциясының үнемі дамып отыратынын және болашақта басқарушылық шешімдерді қабылдауда сапалы көмекші рөл атқара алатынын көрсетеді.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Комплаенс қызметі Компанияның және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының лауазымды тұлғалары мен қызметкерлерінің сыбайлас жемқорлық бұзушылықтары, әдепсіз әрекеттері туралы хабарламаларды қабылдау үшін, жедел желі мен сенім телефонының жұмыс істейтінін назарға алуды сұраймыз.

Кері қайту