«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері үшін Астана қаласының «Діндерді зерттеу орталығы» ЖШС өкілдерінің қатысуымен «Деструктивті діни ағымдарды анықтау және олардың зияндылығы» тақырыбында семинар өткізілді.
Дәріс берушілер ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Қожахметов Шыңғыс, психолог Садықова Жаңагүл және теолог Нұрахметұлы Арман болды.
Семинар барысында лекторлар дәстүрлі діндер мен деструктивті ағымдар арасындағы догматикалық айырмашылықтар, деструктивті діни ағымдарды өз қатарына тартудың қауіптілігі мен әдістері туралы айтты. Тыңдаушылар тарапынан қызығушылық танытып, бірқатар сұрақтар қойып, оларға білікті жауаптар мен түсініктемелер берілді.