Интернет-басылымдардың бірінде тағы да «Steel Manufacturing» ЖШС (Қарағанды қ.) қатысты дұрыс емес ақпарат орналастырылған, осылайша зауыт патрондарды жоғары бағамен сатады деген жұртшылықтың пікірін қалыптастырады. «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ ресми түрде бұл дұрыс емес ақпарат екенін хабарлайды.
«Steel Manufacturing» ЖШС 2020 жылдан бастап «Сарыарқа» АЭА (Қарағанды қ.) аумағында қызметін жүзеге асырады және канадалық технологияларды қолдана отырып тапанша және мылтық патрондарын шығаруға маманданған. Бұл Қазақстан Республикасындағы тапаншалар мен мылтықтарға арналған патрондар шығаратын алғашқы және жалғыз зауыт.
Қазақстандық өнімнің құны нарықтық құны бойынша рұқсат етілген диапазонда және шетелдік өнімге ұқсас. Сонымен қатар, «Steel Manufacturing» ЖШС патрондарына арналған гильзалар жезден жасалғанын, сондықтан оларды болаттан жасалған үлгілермен салыстыруға болмайтынын атап өтеміз.
Қазіргі уақытта «Steel Manufacturing» ЖШС үшінші деңгейдегі ұйымнан (немере ұйым) екінші деңгейдегі ұйымға (еншілес ұйым) көшу рәсімі жүргізілуде. 2023 жылғы 23 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 159 қаулысы негізінде, «Қазтехнология» АҚ-ның «Stel Manufacturing» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесін республикалық меншігіне бере отырып, кейіннен оны «Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге мемлекеттік мүліктен беру туралы ұсынысы қабылданды.
БАҚ, интернет басылым өкілдерін, әлеуметтік желілерді пайдаланушылар мен блогерлердің қоғамдық топтарын жариялау алдында кез келген ақпаратты тексеруге, барлық тараптардың ұстанымын нақтылауға шақырамыз. Барлық туындаған мәселелер бойынша «Қазақстан инжинирингіне» ke@ke.kz электрондық поштасы арқылы немесе тікелей басқарма төрағасына t.abdrakhmanov@ke.kz поштасы арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.