Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
Omnipol компаниясымен келіссөздер

2023 жылғы 1 тамызда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та чехиялық Omnipol компаниясының өкілдерімен келіссөздер өтті. Тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар қазақстандық тарап omnipol шығарған ұшақтарды сатып алған жағдайда, әуе кемелеріне қатысты толық сервис, қызмет көрсету және жөндеу «Қазақстан инжиниринг» өндірістік алаңдарында іске асырылатыны туралы келісімге келді. Сонымен қатар, мамандарды оқыту да, олардың біліктілігін арттыру да, өз кадрлары мен құзыреттерін тәрбиелеу де қазақстандық тараптан жүзеге асырылатыны айтылды.

Естеріңізге сала кетейік, Omnipol қорғаныс және қауіпсіздік технологияларының ірі жүйелік интеграторы әрі жеткізушісі және «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ үшін авиақұрылысы саласындағы маңызды серіктестердің бірі болып табылады.

Кері қайту