11 тамызда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-да медициналық құрал-жабдықтар шығаратын Konsung Technology компаниясының өкілдерімен кездесу өткізді.
Келіссөздер аясында компания шығаратын өнімдердің тұсаукесері өткізілді, сондай-ақ «Қазақстан инжиниринг» кәсіпорындары базасында медициналық техника өндірісін локализациялау бойынша мәселелер мен ұсыныстар талқыланды.
«Konsung Technology» компаниясы далалық және жету қиын жерлерде мамандандырылған медициналық көмек көрсетуге арналған «HES-7 денсаулық диагностикасы жүйесі» инновациялық цифрлық медициналық кешенін жеткізеді. Бұл жабдық барлық жерде телемедицина консультацияларын қолдануды енгізуге, функционалдық және зертханалық диагностиканы, скринингтік зерттеулерді жүргізуге және пайдалану орындарында басқа да көптеген шараларды жүргізуге мүмкіндік береді.