Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Қоғамдық кеңестің отырысы өтті

18 тамызда Әлиев Ерлан Жеңісұлының төрағалығымен «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Компания жұмысының нәтижелеріне, сондай-ақ ағымдағы жұмыстарға қатысты мәселелер талқыланды.

«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері аудиторлық есептің және жылдық қаржылық есептіліктің қорытындыларын ұсынды. Баяндамаға сәйкес, Компанияның барлық даму көрсеткіштері жоғары нәтиже көрсетіп, пайданы 5,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайтты.

Айта кетсек, Компания активтерінің рентабельділігі 2022 жылы 4,0% -ды құрады, ал меншікті капиталдың рентабельділігі 10,3% - ға жетті. Аудиторлық деректер бойынша 2022 жылы сату көлемі 58,7 млрд.теңгені құрады, бұл жоспарлы көрсеткіштерге сәйкес келеді.

Сондай-ақ, кредиторлық берешектің ағымдағы жағдайы туралы есеп тыңдалды. Қазіргі уақытта ағымдағы қарызды уақтылы өтеу бойынша толық шаралар қабылдануда. 2022 жылғы 1 қаңтардан 2023 жылғы тамызға дейін компанияның «Қазақстан Халық Банкі» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ алдындағы жалпы берешегі 26,5 млрд.теңгеден 13,1 млрд. теңгеге дейін төмендетілді.

Отырыс барысында «Зенит» зауытының қызметі және оның ағымдағы міндеттемелері туралы ақпарат жеткізілді.

Қоғамдық кеңес Компания қызметінің оң нәтижелерін атап өтті.

Кері қайту