Спорт-бұл әлеуметтік байланыстарды нығайтуға және тұрақты даму мен бейбітшілікке, сондай-ақ ынтымақтастық пен құрметке ықпал ететін күшті құрал.
Тамыз айының үшінші жексенбісінде Қазақстанда Спорт күні атап өтіледі. Бұл біздің елімізді халықаралық аренада дәріптейтін кәсіби спортшылардың ғана емес, спорт – өмір салты болып табылатын барлық қазақстандықтардың мерекесі.
Осы күнге орай «Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобының қызметкерлері Ботаникалық бақтың аумағында жарыс өткізді.