«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та KazRockets-пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
KazRockets – мақсаты қазақстандық STEM секторында өз инженерлік шешімдерін қолдану арқылы зымыран құрылысы саласындағы инновацияларды құру және ілгерілету болып табылатын, Қазақстандағы зымыран ғылымын және авиамодельдеуді дамытудың бірінші қоры.
Қазіргі уақытта балалар арасында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ және «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС «Жоламан» әуеайлағының аумағында қолдауымен зымырандарды дайындау және ұшыру бойынша жарыстар өткізілді.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ жастардың, оның ішінде болашақ кадрлардың дамуына үлкен көңіл бөледі. Компания техникалық мамандықтарды дәріптеу саясатын жүргізеді және мектептерде, колледждерде және жоғары оқу орындарында оқыту кезеңінде де оқушыларды нүктелік даярлауды жүзеге асыра отырып, кадрларды дамытуға ниетті.
Компания ынтымақтастыққа ашық және техникалық мамандықтарды жас ұрпақ арасында ілгерілетуге шақырады.