2023 жылғы 14-16 қыркүйек аралығында Душанбе қаласында «ЭКСПО Орталық Азия-2023» көрмесі өтуде.
Көрмеде Қазақстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан және Әзірбайжан мемлекеттерінің басшылары ұлттық павильонды аралап көрді, онда «Қазақстан инжиниринг» өнімдері және оның қорғаныс-өнеркәсіп кешеніндегі функционалдық мүмкіндіктері ұсынылды.
Өндірілген өнімдердің ішінде: ҰҰА, атыс қаруы, байланыс құралдары, электронды-оптикалық аспаптар, Оқу оқ-дәрілері және т.б. болды.
Сондай-ақ, Тәжікстан Республикасының Өнеркәсіп және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабирмен кездесу өткізілді. Тараптар өнеркәсіп және азаматтық бағыттағы озық технологияларды игеру мәселелері бойынша ынтымақтастықтың мәселелері мен перспективалық бағыттарын талқылады.
Көрменің мақсаты-қатысушы елдердің өнімдері мен қызметтерін өндірушілердің әлеуетін көрсету, өзара тиімді ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылау және Орталық Азия мемлекеттері арасындағы байланыстарды нығайту.