2023 жылғы 27 қыркүйектен 8 қарашаға дейін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 30.12.2022 жылғы бұйрығымен (№488 хаттама) бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдардың» 2-тарауының 12-тармағына сәйкес «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ - ның төменде көрсетілген бағыттары бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-ЖАКЖ) жүргізілетін болады:
- кадрлармен жұмыс бойынша;
- құжат айналымы бойынша;
- сатып алу бойынша.
Аталған талдау келесі мәселелер бойынша жүргізіледі:
1) бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;
2) бөлімшенің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты ВАКРа бағыттары бойынша ақпарат пен ұсыныстарды электрондық пошталарға жіберу ұсынылады: E.Mukhamedzhanov@ke.kz немесе A.Mussina@ke.kz.
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ
Комплаенс-қызметі