Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ кәсіби мереке – машина жасаушылар күнімен құттықтайды!

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде Қазақстанның барлық машина жасаушылары өздерінің кәсіби мерекелерін атап өтеді.

Машина жасау кез-келген заманауи индустриалды дамыған мемлекет экономикасының маңызды саласы болып табылады. Ол қазіргі заманғы индустриалды экономикада шешуші рөл атқарады және елдің қорғаныс қабілетін қолдау және технологиялық прогреске ықпал ету арқылы оның индустриалды қуатын анықтайды. Бұл саланың Қазақстанның стратегиялық дамуындағы маңыздылығы сөзсіз зор.

Мереке күніне орай «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та іс-шара өткізіліп, машина жасау саласын дамытуға атсалысқаны үшін қызметкерлер құрмет грамоталарымен марапатталды.

Кері қайту