23 қыркүйекте Алматы ауданы әкімдігінің қолдауымен Астана қаласында Ж. Нәжімеденов пен Қ. Аманжолов көшелерінің қиылысында ағаш отырғызу ұйымдастырылды.
«Қазақстан Инжиниринг» Компаниялар тобының қызметкерлері отбасыларымен бірге ағаш отырғызуға белсенді қатысып, қаланы одан әрі көгалдандыруға жәрдемдесті.