Астана қаласында 25-27 қыркүйек аралығында өткен «Иннопром Қазақстан-2023» көрмесі аяқталды.
Көрме павильонында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-тың стенді Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаевқа, Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевқа, сондай-ақ Сенат депутаттарына көрсетіліп, көрмеге қойылған өнімдер мен компаниялар тобының мүмкіндіктері олардың тарапынан жоғары бағаға ие болды.
Кәсіпорындар азаматтық өндіріс өнімдерін ұсынды. Көрмеге қойылған даналардың ішінде байланыс құралдары мен радиостанциялар, ұшқышсыз ұшу аппараттары, роботтық кешендер, VR-симулятор және тағы басқалары қойылды.
Көрме қатысушары қатарында «R&D орталығы Қазақстан инжиниринг» ЖШС, «ПАМЗ» АҚ, «Қазақстан Аселсан инжиниринг» ЖШС, «С.М. Киров атындағы зауыт» АҚ, «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС-мен чехиялық VRgineers компаниясы, сондай - ақ Компанияның серіктестері -KazRockets және KazAeroSpace болды.
Естеріңізге сала кетейік, көрменің мақсаты өнеркәсіптік кооперацияны дамыту, инвестициялар тарту, сауда ынтымақтастығын кеңейту және Қазақстан мен ТМД елдерінің негізгі өнеркәсіптік компаниялары арасында жаһандық тәжірибе алмасу болып табылады.