12-13 қазанда Астана қаласында Digital Bridge 2023 Халықаралық IT-форумы өтеді.
13 қазанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Теміржан Әбдірахмановтың модераторлығымен «Defense Tech - Қазақстандағы ҰҰА және шағын авиацияны дамыту» панельдік сессиясы өтеді. Сессия Қазақстанда авиациялық әзірлемелерді дамыту мен пайдалануға, сондай-ақ оларды азаматтық салада қолдануға арналады.
Биылғы жылы форум өз алаңында 20 000-нан астам қатысушы, 300 IT-компания, инвесторлар мен түрлі елдердің спикерлерін біріктіреді. Келушілер стартаптардың тұсаукесерлеріне қатысып, соңғы жаңалықтар мен технологиялармен таныса алады, бизнесті жақсартуға және нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті арттыруға ықпал ететін ынтымақтастық пен инвестициялардың перспективаларын талқылай алады.
Естеріңізге сала кетейік, Digital Bridge дәстүрлі түрде 2018 жылдан бері халықаралық компаниялардың көшбасшыларының, өңірдің түкпір-түкпірінен келген IT-инновациялар саласының сарапшыларының және венчурлік инвесторлардың қатысуымен өтіп келеді.
Панельдік сессияны өткізу уақыты мен орны: 2023 жылғы 13 қазан, Астана қ., «EXPO» ХКО.
Тіркеуге сілтеме: https://forms.amocrm.ru/rrzcmxm.