6 қазанда Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі. Мерекелік күн ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы № 689 қаулысымен бекітілді.
Қорғаныс қабілеттілігі - бұл әр ел үшін тәуелсіздік пен егемендіктің негізі, ұлттық қауіпсіздіктің кепілі, ал отандық кәсіпорындардың өнімдері өз кезегінде адамдарға сенімді қызмет етіп, олардың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
Бүгінде еліміздің қорғаныс-өнеркәсіп кешеніне 40-тан астам кәсіпорын кіреді. Өз кезегінде ұжымдардың үйлесімді жұмысы мамандардың көптеген ұрпақтарының ғылыми және конструкторлық ойының бірегей жетістіктерін сақтауға және көбейтуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан инжиниринг» Компаниялар тобы іс бойынша қызметкерлер мен әріптестеріне Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібін дамытуға жұмсаған еңбегі мен күш-жігері үшін алғыс білдіреді.