«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ - да (бұдан әрі - Компания) 2023 жылға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар жоспарының 14-тармағына сәйкес 2023 жылға арналған №4 «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл» үлгілік базалық бағытындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау (бұдан әрі - ІЖТТ) жобасының 1-міндетін орындау шеңберінде. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңының 8-бабының 5-тармағына сәйкес Компанияда сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.
ІЖТТ құрамында жұмыс тобы шығарылды:
- жұмыс тобының етекшісі, Компанияның Комплаенс-офицері Е.К. Мухамеджанов;
- жұмыс тобы басшысының орынбасары, Компанияның тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау қызметінің басшысы М.С. Ахметова;
- кеңесші Е.Ж. Әбілдин;
- Компанияның қауіпсіздік қызметінің менеджері Е.Д. Солтанов;
- Компанияның Комплаенс-қызметінің менеджері А.Б. Мусина.
Осымен 2023 жылғы 27 қазаннан бастап компаниядағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылауды жүргізудің басталғаны туралы хабардар етеміз.