Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Мәзір
«Авиациялық оқу орталығы» ЖШС мен «AARDVARK» ЖШС арасындағы Меморандум

2023 жылғы 1 желтоқсанда «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та ұшқышсыз авиациялық жүйе операторларын оқыту шеңберінде «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС-ның «AARDVARK» ЖШС-мен кездесуі өтті.

Тараптар екіжақты кооперацияны одан әрі дамыту бойынша мәселелер мен ұсыныстарды талқылады, сондай-ақ ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

«AARDVARK» ЖШС Қазақстан Республикасында ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып, инспекциялық қызметтерді жеткізуші болып табылады. Компания 2016 жылдан бастап еліміздің өнеркәсіп кәсіпорындарына қызмет көрсетеді. Озық технологияларды енгізу үшін ноу-хауға ие бола отырып, ұйым Қазақстанда дрондарды қолдануға байланысты жетекші әлемдік технологиялар мен шешімдерді ұсынады және әртүрлі салаларда тапсырыс берушілерге мына қызмет түрлерін көрсетеді: қол жеткізу қиын жерлерді инспекциялайды, ортофотопландарды түсіреді, 3D-модельдер жасайды, термовизиялық зерттеулер жүргізеді және т.б.

Мұндай интеграция ҰҰА пилоттық бағыты бойынша кәсіби кадрларды даярлауға, сондай-ақ Қазақстанда осы саланы дамытып, жаңа деңгейге шығаруға мүмкіндік береді.


Кері қайту