2023 жылғы 29 қараша мен 01 желтоқсан аралығында «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері жекелеген мемлекеттік құрылымдармен және бизнес субъектілерімен бірге Астана қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде «Азаматтық қорғау құралымдарының командирлері» санаты бойынша арнайы оқудан сәтті өтті.
Оқыту төтенше жағдайлар (бұдан әрі – ТЖ) туындаған кездегі іс-әрекеттер, өрт қауіпсіздігі, терроризмнен қорғау, инженерлік қорғау, ТЖ кезінде зардап шеккендерге көмек көрсету және т.б. тақырыптар бойынша бөлінді.
Өткізілетін курстар барысында білім алушылар ТЖ Департаментінің Өрт сөндірушілер мен құтқарушылар мұражайына барып, азаматтық қорғау саласында қолданылатын инновациялық әдістемелер бойынша бірегей білім алды. Оқу нәтижелері бойынша алған білімді тексеруге тест тапсырылды, содан кейін курстан өту және қызметкерлердің біліктілігін арттыру туралы арнайы сертификаттар берілді.