«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та келе жатқан Жаңа жылды мерекелеу аясында ұйымдастырылған «Құпия аяз ата» өтті. Ойын мерекелік көңіл-күй қалыптастырып, ұжымдағы байланыстарды нығайтады. Осылайша қызметкерлер арасында дәстүрге де айналып кетті.
Іс-шараның мәні қатысушылардың жасырын болуы, әріптестеріне сыйлық беруі және өздерінің құпия Аяз аталарынан сыйлық алуында болды. Бұл қатысқандардың барлығына сыйлық берудің ләззатына бөленіп, күтпеген сыйлықты алудың қуанышын сезінуге мүмкіндік берді.
Қызметкерлер ойынды көңілді өткізіп, бір-біріне символикалық сыйлықтар сыйлады.
Компания ұжымының атынан сіздерді, оқырмандарды, келе жатқан Жаңа жылмен құттықтаймыз!