«Еурокоптер Қазақстан инжиниринг» ЖШС коммерциялық директоры болып Асқар Арынұлы Арынов тағайындалды.
2004 жылы А. А.Арынов Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша, сондай-ақ 2010 жылы Вестминстер университетін «Халықаралық қатынастар және саяси ғылымдар» мамандығы бойынша бітірді. Оқу жолын 2019 жылы «GR-менеджмент» бағыты бойынша РХШжМҚА-да аяқтады.
Стратегиялық, экономикалық және бюджеттік жоспарлау, инвестициялар және экономика бағытында нормативтік-құқықтық актілер әзірлеу салаларындағы әртүрлі құрылымдарда негізгі позицияларда болып, зор жұмыс тәжірибесі бар.
А. А. Арынов шетелдік инвесторлармен жұмыс, инвестициялық ахуалды дамыту және жақсарту, халықаралық экономикалық ынтымақтастық бағытында мемлекеттік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу салаларындағы процестерді табысты басқарды. ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің қарамағында бөлім бастығы, ҚР Индустрия және сауда министрлігі қарамағында басқарма бастығы, сондай-ақ маркетинг және PR жөніндегі Басқарушы директор лауазымдарын атқарды.