«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ корпоративтік басқаруды жетілдіру шеңберінде Активтерді басқару және корпоративтік басқару департаменті қызметкерлерге «G-ESG принциптері тарапынан корпоративтік басқару Департаментінің қызметі» тақырыбы бойынша оқыту ұйымдастырды.
Мастер-класста қатысушыларға негізгі ESG қағидаттары мен тұжырымдамалары ұсынылды, корпоративтік басқарудың әртүрлі халықаралық модельдері туралы айтылды, сондай-ақ олар практикалық жаттығулар мен ойындар өткізу арқылы еншілес және тәуелді ұйымдарды басқару саясатымен таныстырылды.
Спикер ретінде осы салада 10 жылдан астам тәжірибесі бар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік басқару департаментінің бас сарапшысы Елена Сахарова сөз сөйледі.
Мастер-класстар ұйым қызметкерлеріне өздерінің кәсіби дағдыларын қалыптастыруға, дамытуға және жетілдіруге бірегей мүмкіндік береді. Оларға қатысу одан әрі тиімді жұмысқа деген ынтаны арттырып қана қоймай, қызметкерлердің осы қызмет саласы туралы түсінігін жақсартады.