Корпоративтік басқаруды жетілдіру шеңберінде «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ-та Активтерді басқару және корпоративтік басқару департаменті қызметкерлерге «Тұрақты даму негіздері» тақырыбы бойынша оқыту ұйымдастырды.
Спикер ретінде Dostyk Advisory басқарушы серіктесі, сертификатталған ішкі аудитор (CIA), сондай-ақ тұрақты даму саласында 15 жылдан астам тәжірибесі бар тәуекелдерді басқару жүйелерінің сертификатталған аудиторы (CRMA) Нұрлан Оңғарбаев сөз сөйледі.
Дәріскер орнықты даму тұжырымдамасы, осы тұжырымдаманың даму процестері мен орнықты даму мақсаттарын іске асыру кезеңдері туралы айтып, әлеуметтік-экономикалық даму мен экологияда тұрақтылыққа қол жеткізуге ұмтыла отырып, қоғам алдында тұрған аса маңызды проблемаларды белгіледі.