25.07.2025 ж. «Жастар Рухы» Жастар қанатының Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы «Жастарға-жұмыс» жобасын жүзеге асырды. Бағдарлама «AMANAT» партиясы мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жастарды жұмыспен қамту жөніндегі бірлескен іс-қимылдарының кешені болып табылады.
«С. М. Киров зауыт» АҚ Бос орындар жәрмеңкесіне қатысып, келушілерге зауыт, оның қызметі және әртүрлі жұмыс бағыттары туралы кеңес берді.
Жобаның мақсаты жастар саясаты саласындағы қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық түсіндіру бойынша консультациялық іс-шаралар кешенін жүзеге асыру болып табылады. Сонымен қатар, бұл тұжырымдама жастардың, оның ішінде оқу орындарының түлектерінің кәсіби, еңбек және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасауға мүмкіндік береді.