Қазақстан халқы тілдері күні - елімізде тарихи қалыптасқан ұлтаралық келісімнің айғағы. Бұл күн заңнамалық актілермен бекітілген, мемлекеттік деңгейде өткізілетін бейбітшілік пен келісім саясатын көрсетеді.
Мереке 1998 жылы тәуелсіз Қазақстанда бекітілді және бастапқыда қыркүйектің үшінші жексенбісінде атап өтілді. 2017 жылы мереке күні көрнекті ағартушы Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне орайластырылып, мереке күні өзгертілді.
2024 жылғы 5 қыркүйекте «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қызметкерлері іс-шара шеңберінде осы мерекенің маңыздылығын көрсететін презентация мен бейнематериалдарды талқылады, сондай-ақ Қазақстан халықтарының Тілдер күніне арналған ойындар мен викторинаға қатысты. Іс - шараның негізгі мақсаты - ана тілге деген сүйіспеншілік пен құрметті арттыру, сондай-ақ жанымыздағы басқа халықтардың тілдері туралы білімді кеңейту.
Әр халықтың тілі оның ғасырлар бойғы тарихы мен мәдениетінің жаңғырығы болып табылады, әрі оның сақталуы мен дамуы ұлттық бірегейлік пен қадір-қасиетті қалыптастыруда шешуші рөл атқарады.