«Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлері күнімен құттықтайды!
2024 жылғы 3 қазанда мерекеге орай Компанияда салтанатты іс-шара өтіп, оған Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі А.Ө. Бейісбеков пен ведомство қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар саладағы біліктілігін викторина мен арнайы ойындарда сынап, бір-бірін келе жатқан кәсіби мерекемен жылы құттықтады.
Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің күні еліміздің игілігі мен оның қауіпсіздігі үшін әрқайсымыздың еңбек етуіміздің маңыздылығы мен жауапкершілігін еске салады.