6 қазанда дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының Қорғаныс өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі атап өтіледі.
Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібінің тарихы бай. Ол зауыттарымызда алғашқы қорғаныс технологияларын шығара бастаған кеңес дәуірінен бастау алады. Тәуелсіздік алғаннан кейін бұл салаға қатысты заманауи дәрежедегі ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін индустрия құру міндеті туындады. Соңғы онжылдықтарда Қазақстан технологиялық базаны дамыту, ғылыми және өндірістік құзыреттерді қалыптастыру, халықаралық әріптестермен табысты ынтымақтасу секілді әсерлі табыстарға қол жеткізді.
Қазір біздің қорғаныс өнеркәсібіміз экономиканың бір саласы ғана емес, ел егемендігінің сенімді тірегі.
«Қазақстан инжиниринг» компаниялар тобы сала қызметкерлері мен әріптестеріне Қазақстанның қорғаныс өнеркәсібі жұмысын жандандырудағы еңбегі мен жұмсаған күш-жігері үшін алғысын білдіреді.