2024 жылғы 22 қазанда Eurocopter Kazakhstan Engineering өзінің Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering-ке ребрендингі туралы жариялады.
Бұл оқиға кәсіпорынның жоғары сапа стандарттары мен инновацияларға деген адалдығын, сондай-ақ оның алдағы дамуға дайындығын білдіреді.
Airbus Вице-президенті Томас Хейннің қатысуымен өткен салтанатты рәсім авиация саласы көшбасшыларының, мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдерінің басын қосты.
Іс-шараға келушілер шабыттандырарлық қойылымдарды, Қазақ ұлттық оркестрінің музыкалық шығармаларын және жарқын би нөмірлерін тамашалай алды.
Бүгінгі таңда Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering авиация саласындағы түрлі миссияларды орындайды, мемлекеттік органдарға, жеке клиенттерге тікұшақтар жеткізеді, Қазақстанда да, өңірде де тікұшақ секторын дамытады.
Бірінші кезекте кәсіпорын іздеу-құтқару жұмыстарына, халыққа медициналық көмек көрсету және санитарлық іс-шаралар, өрт сөндіру, орман қорын сақтау және қорғау бойынша авиациялық жұмыстар жүргізу үшін ұшуға арналған тікұшақтардың неғұрлым тиімді үлгілерін ұсынуға ұмтылады.