«Қазақстан инжиниринг» Ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі-Компания) жеке және заңды тұлғаларға қарсы олардың қаражатын ұрлау мақсатында заңға қарама-қайшы іс-қимылдарды жүзеге асыру үшін өзін Компания қызметкерлері, оның серіктері, контрагенттері немесе іскер әріптестері ретінде таныстыратын үшінші тұлғалар тарапынан алаяқтық әрекеттердің болғаны туралы хабарлайды.
Компания мемлекеттік және банктік мекемелер сияқты мессенджерлер мен электрондық пошта арқылы жеке және дербес ақпаратты сұрау мақсатында ешқашан хабарламалар жібермейді.
Осыған байланысты, Сіздерді мұқият және сақ болуға шақырамыз. Компания атауын пайдаланған барлық күдікті жағдайлар туралы +7 7172 72 52 52 (ішкі.1871, 1853, 1954) телефон нөмірі бойынша хабарлауыңызды сұраймыз.